Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз",- Премьер-министр

05.12.2023ж. 20:00
457
"Жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз",- Премьер-министр

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" транзиттік дәлізінің іске қосылғанына 5 жылдан асса да, жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында осылай деді. Бұл бойынша бірнеше рет тапсырма берілгенімен, ештеңе өзгерген жоқ деді. Халықаралық жолдар мен ішкі маршруттардың бәрінде жағдай осындай екенін айтты. Үкімет басшысы бұған жол бойынан жер учаскесін беруді созып жіберген әкімдіктерді кінәлады.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Осыған байланысты, инфрақұрылымның дамуы тоқтап тұр. Оның үстіне, біз Ұлттық стандартты баяғыда қабылдап қойдық. Онда жол бойындағы сервис объектілері мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар белгіленген. Бұл қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік берер еді. Алайда, сервис объектілерінің көбі біздің стандартқа сәйкес келмейді.