Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Республиканың имамдары есеп берді

AstanaTV
08.12.2016ж. 20:00
2587
Республиканың имамдары есеп берді

Ел аумағындағы 67 түрмеде 400-дей адам терроризм және діни экстремизм баптары бойынша жазасын өтеп жатыр. Былтырдан бері жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 200-ге жуығы дәстүрлі дінге бет бұрған. Бұл жайында Алматыда басталған республика имамдарының есеп беру жиынында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы айтты. 

Адасқандарды оңалту жұмыстарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған бөлімнің 96 қызметкері тұрақты жүргізіп келеді. Дегенмен, бұл бағытта әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстар аз емес. Басты мәселе - діни ағымдарға тосқауыл қою, жастарды тура жолға шақырып, имамдардың білімін көтеру. Осы бағыттарды ұдайы жетілдіру арқылы ұлтымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына қайшы әрекеттерден аулақ боламыз деп сендірді.

Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:

Кейбір абақтыларда жаңағы басқа бір ағымдардың кітаптары табылып қалады. Оны имам бір айда ғана кітапхананы тексеруі мүмкін. Негізі дәріс берген сайын сол жаңағы кітапхананы күнделікті тексеріп тұру - имамның міндеті. Міне осындай жұмыстар пысықталып, қайтадан тапсырылды.