Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жезқазғанда «Smart Alan» қалалық қызметтер порталы ашылды

Жезқазғанда «Smart Alan» қалалық қызметтер порталы ашылды

Жезқазған қаласында «Smart Alan» қалалық қызметтер порталы іске қосылды. Ол халықтың коммуналдық қызметтерді қосу, пайдалану жұмысын жеңілдетеді. Енді тұрғындарға қызмет көрсетушілермен келісім жасау үшін қаланың әр бөлігіне баруының қажеті жоқ. Тек сайтқа кіріп, өтініш қалдыру керек.

Жезқазған қаласының тұрғындары енді коммуналдық кәсіпорындардан «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ала алады. Облыс орталығында «Smart Alan» қалалық қызметтер порталы іске қосылды. Ыңғайлы, әрі жылдам қызмет түрін үйден шықпай пайдалануға болады.

Әлібек Әлімханов, «SMART ALAN» ПОРТАЛЫН ҚҰРАСТЫРУШЫ:

Қызметті алу үшін яғни бірінші порталға авторизациялау керек. Ол бізде электрондық цифрлық қолмен немесе смс кодпен кіруге болады. Және де тұрғынның алдында қызметтердің тізімдері болады.

«Smart Alan» көмегімен қағазбастылық қана емес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де жойылады. Қазір бизнес процестер автоматтандырылуда. Бүгіннің өзінде сумен, жылумен, электрмен және газбен қамтамасыз ету қызметтері бар.

Аяулым БОЛАТ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі таңда табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтерін автоматтандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 30 мемлекеттік қызмет арнайы порталға енгізілді. Бұл бізге қазіргі таңда халықтың екі қаланың ортасында жүгіріп жүрмеуі, бұл Сәтпаев қаласымен Жезқазған қаласының ортасы.

Сондай-ақ жарық, су және жылу жоқтығы туралы шағымды 109 қызметіне үйден тәулік бойы жіберуге болады.

Әлима ҚОНАРБАЕВА, 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қызметтің негізгі міндеті қала тұрғындарының өтініштеріне жедел ден қою. Азаматтардың өзекті мәселелерін шешу және тұрғындардың онлайн режимінде күнделікті өзекті ақпаратпен хабардар ету.

Ұлытау өңірінде цифрлық технологиялар белсенді тәжірибеге енгізілуде. Мамандар тұрғындар үшін қолжетімді, пайдалы жаңа қызметтерді ұсынып отыр.