$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Hermès мұрагері бар байлығын бағбанына қалдырмақшы

AstanaTV
06.12.2023ж. 23:22
1223
Hermès мұрагері бар байлығын бағбанына қалдырмақшы

Мүлкі 9-10 млрд швейцар франкі болатын Николя Пуэш байлығының бір бөлігін бұрынғы бағбанына бермекші. Бұған дейін баласы жоқ бойдақ-миллиардер дезинформациямен күресетін қормен мұрагерлік туралы келісімге қол қойған болатын. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Hermès француз сән үйінің негізгі акционері 80 жастағы Николя Пуэш өзінің бұрынғы бағбанын асырап алып, оған миллиардтаған байлығын мұра етік қалдырмақшы.

Tribune de Genève хабарлауынша, теріден бұйымдар жасайтын бренд акцияларының 5-6%-не иелік ететін Пуэш байлығының бір бөлігін қарапайым мароккандық отбасынан шыққан, бұрынғы бағбан әрі қара жұмысшы 51 жастағы азаматқа бергісі келеді.

Жыл сайын Швейцариядағы 300 бай адамның рейтингін жасайтын Bilan журналының дерегінше, оның байлығы 9-10 миллиард швейцар франкі (9,4-10,4 миллиард еуро) деп бағаланған.