Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шымкентте 61 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

07.12.2023ж. 20:00
664
Шымкентте 61 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Шымкентте 61 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Тұрғын үй мәселесін шешу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мегаполистің экономикасын өрістетуге кәсіпкерлер де сүбелі үлес қосуда.

Ғабит Сыздықбековтың Шымкент қаласының әкімі лауазымына келгеніне 3 айға болды. Дегенмен, қолға алған бастамалар жетерлік. Мәселен, жыл соңына дейін 1 миллион 75 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Халық санының қарқынды өсуіне байланысты баспанаға деген қажеттілікте артып отыр. Қалада 51 мыңнан астам халық әлеуметтік 175 мыңға жуық азамат кредиттік тұрғын үй кезегінде тұр. Осы мәселені шешу үшін 4 мың пәтерлі 100 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Қаладағы "Бадам" өзені бойында орналасқан тұрғындар қыс келсе болды үйімізді су шайып кете ме деп уайымдайды. Әкімнің айтуынша биыл ешқандай қорқыныш жоқ дейді. Сонымен қатар "Көл" демалыс аймағын халық қолдаса қайта қалпына келтіретінін айтты.

Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бадам өзенінің бойында орналасқан елді мекендерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ол жерде алты елді мекенді анықтап отырмыз. Оның кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылатын болады. Қазір екі жерге жағаларын бекітетін жұмыстарды қолға алып жұмыстарды бастап кеттік.

Биылғы жылы біраз елді-мекендерде ауыз су, электр жүйесі, табиғи газ бен кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталса, 210 шақырым жол пайдалануға берілді. Қаланың экономикасының өсуіне басты себеп инвеститция екені сөзсіз. Шымкентте соңғы 4 жылда 1,5 трлн теңге қаражат тартылып, көлемі 3 есеге артқан.