Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Зенит» Нұралы Әліп туралы шешім қабылдады

AstanaTV
07.12.2023ж. 20:00
729
«Зенит» Нұралы Әліп туралы шешім қабылдады

Қазақстандық жауынгер Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шыққаннан кейін алғашқы жекпе-жек өткізді.

Астанада өтіп жатқан Naiza 55 турнирінің басты жекпе-жегінде жапондық Масато Накамурамен бақ сынасты.

Жекпе-жек 3 раундқа созылады деп күтілгенімен, Жұмағұлов бірінші раунд бітпей-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, осы жекпе-жектің алдында Жұмағұлов қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіліп қалды. UFC-де қазақстандық спортшы жеті жекпе-жек өткізіп, алтауын жеңіліспен аяқтап, бір рет жеңіске жетті.

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ҚАРСЫЛАСЫН НОКАУТПЕН ЖЕҢДІ

Қазақстандық спортшы Диас Еренғайыптов ММА-да қатарынан 6-шы рет жеңіске жетіп, титулын сәтті қорғады.

28 жастағы Еренғайыпов Naiza 55 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетті.

Жеңіл салмақтағы чемпион Диас Еренғайыпов жапониялық қарсыласы Руй Фукудамен бақ сынасты.

Кездесу бес раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ММА-ДЕГІ КЕШТІҢ БАСТЫ КЕЗДЕСУІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Манчестер Сити» Англия Премьер-лигасының 15-турындағы матчта «Астон Вилладан» жеңіліп қалды. Бұл "Манчестер Ситидің" АПЛ-дағы қатарынан төртінші матчтағы жеңілісі.

Кездесу Бирмингемдегі "Вилла Парк" стадионында өтіп, қожайындардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 74-минутта Леон Бэйли соқты.

Бірінші таймда "Астон Вилла" футболшылары "Манчестер Сити" қақпасына 13 соққы жасады. Autosport мәліметтері бойынша, бұл Хосеп Гвардиоланың командасы үшін Еуропаның жоғарғы лигаларындағы 535 матч бойынша ең нашар көрсеткіш.

Қортындылай келе, "Астон Вилла" 32 ұпай жинап, 30 ұпайы бар "Манчестер Ситиді" артта қалдырып, АПЛ кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Турдың тағы бір ойынында «Манчестер Юнайтед» «Челсиді» 2-1 есебімен жеңді. Скотт Мактоминей 19-шы және 69-шы минутта мергендігімен көзге түсіп, дубль жасады. Ал 9-шы минутта Португалдық жартылай қорғаушы Бруну Фернандеш пенальтиді орындай алмады. Қарсылас командадан Коул Палмер 45-ші минутта қақпаға дөп түсті.

«Манчестер Юнайтед» 9 матчта жеңіске жетіп, 6 рет қарсыласқа есе жіберді. Жалпы 27 ұпай жинап, бесінші қатардағы лондондық «Тоттенхэмді» қуып жетті. 19 ұпай иеленген "Челси" Чемпионатта 6 матчта жеңіліске ұшырап, ағылшын премьер-лигасының үздік ондығына кірді.

АПЛ-ДА КҮТПЕГЕН НӘТИЖЕЛЕР

Санкт-Петербургтік "Зенит" қысқы науқан кезінде өзінің негізгі ойыншыларын сатпаймыз, - деп мәлімдеді.

"Спорт-Экспресстің" хабарлауынша, клуб Нұралы Алип пен Дуглас Сантосты, жартылай қорғаушылар Вилмар Барриос, Вендел мен Клаудиньоны, шабуылшы Маттео Кассьерраны клуб құрамында қалдыруды жоспарлауда.

"Зенит" басшылығы бұл ойыншылар командаға осы маусымда чемпиондық атаққа ие болу мен Ресей кубогында жеңіске жетуге көмектеседі деп санайды.

Әліп «Зениттің» сапында 2022 жылдан бері ойнауда. Спортшы бұл клуб үшін жалпы 22 ойын өткізді.

Қазақстандық спортшының "Зенитпен" келісімшарты 2025 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген. Transfermarkt порталы қорғаушыны 2 миллион еуроға бағалайды.

«ЗЕНИТ» НҰРАЛЫ ӘЛІП ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

Өзбекстандық "Сурхан" клубының шабуылшысы Сильванус Нимели қазақстандық "Астана" клубына ауыспайтын болды.

25 жастағы шабуылшы қазіргі командамен келісімшартты ұзартты. Бұл туралы "Сурхананың" спорт директоры Рустам Құрбанбаев мәлімдеді.

Футболшының агенті Жамал Ақаев "Астанамен" Нимель бойынша келіссөздер жүргізу фактісін де растады. 2023 жылғы маусымда Нимели 30 матч өткізіп, 13 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Ол маусым қорытындысы бойынша "Сурханның" үздік бомбардирі және Өзбекстан чемпионатында голеадорлар тізімінде екінші орын алды.

Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 800 мың еуроға бағалайды.

«АСТАНА» КЛУБЫ 800 МЫҢ ЕУРОЛЫҚ ОЙЫНШЫДАН АЙЫРЫЛДЫ

Sportico басылымы 2023 жылы әлемдегі ең көп жалақы алатын әйел спортшылардың тізімін жариялады. Бір қызығы, әлемдік рейтингтің үздік ондығына бірден жеті теннисші кірді. Олардың арасында әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина да бар. Қазақстанның үздік теннисшісі жетінші орында тұр. 24 жастағы қазақстандық теннисшінің қаражаты 9,5 миллион АҚШ долларын құрайды, оның 6 миллионы ойыннан жүлделенген.

Ең қалталы спортшылардың көшін 19 жастағы американдық теннисші Кори Гайфф бастайды. Оның қаражаты 22,7 миллион долларды құрайды.

РЫБАКИНА ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН 10 СПОРТШЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.