$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңғырады

07.12.2023ж. 20:00
1021
«Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңғырады

Қызылордада көп өнім беретін күріштің жаңа түрі шығады. Ғалымдар қазір оны сынақтан өткізіп жатыр. Бұл сорт 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте піседі. Сыр диқандары биыл 503 мың тонна ақ маржан жинаған. Су тапшылығына қарамастан оның көлемі өткен жылмен бірдей. Аймақта тағы қандай өзгеріс бар? Аружан Задабек тоқталады.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда обласына іс-сапармен барып, біраз мәселені көтерді. Сонда қозғалған өзекті тақырыптың бірі – жол сапасы. Қазір «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылып жатыр. Жоба құны – 108 млрд 500 млн теңге. Жалпы биыл республикалық және облыстық бюджеттен 38 млрд теңге бөлініп, 671 шақырым жол жөндеуден өтті.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айындағы сапарында өңір үшін маңызды мәселелерге қатысты тарихи шешімдер қабылдады. Бірінші көптің көкейінде жүрген «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумақты 1 санатқа ауыстыру болатын. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Үкіметке мәселені тез арада шешуді тапсырды
Қызылордада өңдеу өнеркәсібінің үлесі 30 процентке ұлғайған. Облыстың бюджеті 609 млрд теңгеге жетті. Өсім – 57 пайыз. Облыс әкімі алдағы 6 жылда 65 жоба жүзеге асып, 9 мың жаңа жұмыс орыны ашылады, - дейді. Биылдың өзінде 14 млрд болатын 15 бағдарлама іске қосылған.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Биылғы 10 айда өңдеу өнеркәсібі 24,2 пайызға, ауыл шаруашылығы – 2,6 пайызға, құрылыс жұмыстары көлемі – 21,2 пайызға, тұрғын үй – 16,7 пайызға, сауда – 4,3 пайызға, көлік және қоймалау көлемі – 8,8 пайызға, негізгі капиталға тартылған инвестиция – 27,7 пайызға артты. Жеке инвестициялар 34,6 пайызға өсті.
Өңірдегі барлық аудан орталығы мен 4 қала, 19 елдімекеннің тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Халықтың 75 проценті газбен толық қамтылған. Келер жылы тағы 12 ауылға желі тартылады. Ал ауыз су мен ыстық су мәселесі 2025 жылға дейін толық шешілмек.