Ресейдің Брянск қаласында сегізінші сынып оқушысы қарудан оқ жаудырды. Ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан екі адам қаза болып, тағы төртеуі жарақат алған. Астана телеарнасы бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға қаладағы №5 гимназияда болды. Алдын ала ақпаратқа сенсек, қыз өзін өзі өлтірген.
«Сегізінші сынып оқушысы мектепке қару әкеліп, одан бірнеше рет оқ жаудырды», - делінген ІІМБ таратқан мәлімдемеде.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, бұл Ресейдің білім мекемелеріндегі алғашқы атыс емес.
2021 жылы белгісіз біреу Пермь мемлекеттік университеті корпустарының бірінде адамдарға оқ жаудырды.
Оқиға салдарынан қаза болғандар болды.
Биыл белгісіз екі адам Қазандағы Файзи көшесіндегі мектепте қарудан оқ атты. Ол кезде бірнеше адам жарақат алған.