$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 4 есе артқан

08.12.2023ж. 20:00
1128
Атырауда ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 4 есе артқан

Атырау облысында ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 4 есе артқан. Сондай-ақ балық өсіру және балық өңдеу саласына баса мән беріліп отыр. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов облыстың әлеуметтік-экономикалық даму туралы брифингте айтты.
Өңірде балық шаруашылығы жақсы дамыған. Алайда, заңсыз балық аулау тыйылмай тұр. Бекіре тұқымы құрып кетпес үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге қарастырылып, арнайы жоба қолға алынған.

Серік ШӘПКЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Ең бастысы мынау бекіре тұқымдас балықтар бар. Оларға мысалға аулауға тиым салынған. Бұл жерде брокенерлік мәселелермен біз заң аясында мынау құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып арнайы шаралармен жұмыс жасаймыз. Қазірдің өзіңде 46 қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Елімізде өндірілетін өнімнің 14 пайызы осы өңірден шығады. Жыл басынан бері 123,4 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі әзірленген. Осылайша аймақтағы сауда көлемі 5 млрд теңгеге жеткен. Нақты көлем индексі -112,5 пайыз.

Серік ШӘПКЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Атырау өңірі өздеріңіз білетіндей негізі потенциялы мол өңірдің бірі. Биылғы жылдың жарты жылдығының өзіңде 6,7 трлн теңге көлемінде жалпы өңірлік өнім өндірілді. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 315 млрд теңгеге артық немесе нақты индекс көлемі 3,8 пайызды құрады.
Инвестиция тарту бойынша Атырау облысы республикада алдыңғы орында тұр. Шетелдік инвесторлар 3,5 млрд АҚШ долларын құйған.