Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматыда омыртқасы 140 градусқа қисайған балаға күрделі операция жасалды

08.12.2023ж. 20:00
1103
Алматыда омыртқасы 140 градусқа қисайған балаға күрделі операция жасалды

Бүгін дәрігерлер сколиозды түзетудің бірегей операциясын аяқтап, маңызды медициналық жетістікке жетті. Сколиоздың ауыр түріне тап болған науқастың омыртқасы 140 градусқа қисайған. Бұндай қимыл жүйесінің аса ауыр бұзылуы сирек кездеседі. Бірегей операцияның нәтижесі туралы тілшіміз айтады.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, омыртқаның қисаюы көбіне бастауыш мектеп жасында және жасөспірім кезеңінде басталады. Сколиоз-бұл омыртқаның бүйірден қисаюы. Ауру туа біткен және идиопатиялық болып бөлінеді. Татьянаның 12 жасар қызында 6 жаста тірек қимыл жүйесінің бұзылуы байқалған.

Татьяна БРЕУСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

6 жыл бұрын әлемдегі барлық тәсілдерді қолдандық десек болады. Жүзу, массаж, терапия алу, белдіктер тақты қызым. Ешнәрсе көмектеспеді. Неден екенін нақты айта алмады ешкім. Омыртқа бір жағына қарай қатты қисайып, 4-ші кезеңнен 5-ке кетіп бара жатты. Балаға тек физикалық жағынан емес, өзімен жастылармен тілдесу қиын болды. Әр қимылың қиындайды. Операция сәтті өтті деп жатыр, алғысымыз шексіз. Денсаулығы жақсарып, бойы кішкене өссе екен дейміз.

Күрделі операция Ұлттық медицина университеті клиникасының базасында өтті. “Бұл ерекше күрделі жағдай, омыртқаның қисаюы барлық өзге мүшелерге кедергі келтіріп, қауіп тудырып тұр”- дейді хирург. Бір қызығы сколиоз дерті көбіне қыз балаларда кездеседі. Мамандар әлі күнге дейін бұл үрдістің туындауына нақты жауап таба алмаған.

Бұл 1 мм әрі-бері кетіп қалуға болмайды, себеі астында жұлын бар, зақымдамауымыз керек

Оперция шамамен 5 сағатқа созылады. Омыртқа сүйегіне арнайы құрылғы орнатылады.

Исмадун ХАРАМОВ, “АҚСАЙ” БАЛАЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЛИНИКАСЫ ҚазҰМУ ОРТОПЕДИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

13 жасар қыз түскен бізге өте күрделі операция, себебі бұл қыздың омыртқасы 140 градусқа дейін айналып кеткен. Бұл омыртқаның қисайғаны балаға біріншіден жүрек аймағына әсер етеді, өкпесіне әсер етеді. Көп деп ала алмай қалу мүмкін. Сол себептен бұл отаның мақсаты тек омыртқаны жөндеу ғана емес. Баланың өзінің нәтижесін жақсарту. Өте қиын операция болған соң әр омыртқаға біз өзіміз әдейі жоспарлы жасалған винттер крючоктар қойылады. Сосын ол темірлер қойылғаннан кейін сол темірмен тарқан кезінде біздің омыртқаны жөндеуге қажет болады.

Операциядан кейін науқастың бойы бірнеше сантиметрге өседі. Күрделілігіне байланысты әр ота бірнеше жылға созылатын кезеңдерге бөлінеді.