Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Риддер қаласының көшелерін су басты

AstanaTV
08.12.2023ж. 20:00
490
Риддер қаласының көшелерін су басты

Риддер қаласында аулаларды су басты. Хайрузовка өзеніндегі қар еріп, су деңгейі көтерілді. Салдарынан 2 үй мен 4 аула суда қалды. Қалада эвакуациялық пункт ұйымдастырылды. Алайда тұрғындар үйлерінен кетуден бас тартты. Қазір қауіп сейіліп, өзен арнасы мұздан тазартылған. Жергілікті билік шығынды есептеп, зардап шеккендерге уақытша баспана мен материалдық көмек көрсетуге дайын.

Ермек КӨШЕРБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Мұндай мәселе әдетте көктемде орын алатын. Бүгінгі жағдайға ГЭС қызметкерлері кінәлі деп есептеймін. Олар тиісті органдарға ескертіп, мәселенің алдын алу керек еді. Тергеу жүргізіледі. Әзірге ең басты мәселе тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.