Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Қостанай мен Абайдағы өрт жауапты мемлекеттік органдардың жұмысындағы түйткілдерді көрсетті",- М.Әшімбаев

AstanaTV
08.12.2023ж. 20:00
436
"Қостанай мен Абайдағы өрт жауапты мемлекеттік органдардың жұмысындағы түйткілдерді көрсетті",- М.Әшімбаев

Елімізде былтыр 800 орман өрті тіркелген. Қостанай мен Абай облыстарындағы өрт жауапты мемлекеттік органдардың жұмысындағы түйткілдерді және осы бағытта тиімді жүйенің жоқ екенін айқын көрсетті. Бүгін Сенатта азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Соңғы жылдары елімізде табиғи және техногендік апаттар жиі болуда. Алматы қаласындағы қайғылы жағдайдан кейін Мемлекет басшысы Азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Парламенттік тыңдауда табиғи апаттардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Депутат Жанболат Жөргенбаев сарапшылардың пікірін алға тартып, кейде орман өрті қасақана ұйымдастырылатынын, өрттен кейін санитарлық ормандар кесіліп, жеке ұйымдар ағашты жақсы бағамен сататынын айтты.

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қылмыстық схемаларды болдырмау үшін орманды кесу және сату үшін өртенген кезде ағаштарды санитарлық кесуді және одан әрі іске асыруды тек мемлекеттік ұйымдарға беру қажет деп санаймын. Сатудан түскен табыс мемлекет бюджетіне түссін. Сонда біз қасақана өрттің санын азайтып, үлкен орман өрттерінің алдын аламыз деп ойлаймын.