$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жеткізіп, 28 адамды эвакуациялады

AstanaTV
11.12.2023ж. 08:18
943
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жеткізіп, 28 адамды эвакуациялады

Қазақстан Палестина халқына гуманитарлық көмек жүгін арнайы ұшақпен жеткізді. Сол ұшақпен елге 28 адам жеткізіледі, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Көмекті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп жеткізген. Аталған бортпен Қазақстанға Газа секторынан эвакуацияланған 28 адам – ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізіледі.

"Барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де қолдау көрсетілетін болады. Бұған дейін биылғы 17 қарашада жалпы саны 99 адамнан тұратын азаматтардың бірінші тобы сәтті эвакуацияланды", - делінген хабарламада.