Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Үндістанда ер адам өтемақы алу үшін әйелі мен қызын жыланға шаққызып өлтірген

AstanaTV
11.12.2023ж. 10:23
723
Үндістанда ер адам өтемақы алу үшін әйелі мен қызын жыланға шаққызып өлтірген

Үндістанда ер адам 800 мың рупий (4 416 000 теңге) өтемақы алу үшін әйелі мен қызын патшалық кобрасының көмегімен өлтіргенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Басанти Патра мен оның екі жасар қызының мәйіті 7 қазанда Одишадағы Адхейгаон ауылындағы үйінен табылды. Екеуін де жылан шағып алғаны анықталды. Себебі сол сәтте бөлмеде бауырымен жорғалаушы да болған. Дәрігерлер зардап шеккендерге көмектесе алмады. Екі тұрғын кобра шабуылынан көз жұмған соң полиция тергеуді жалғастырмаған. Алайда, көп ұзамай әйелдің әкесі күйеуі Ганешті ақша үшін оны және өз қызын кобрамен өлтірді деп айыптады. Өйткені Үндістанда жылан шабуылынан зардап шеккендердің туыстары бір құрбанға 400 мың рупий көлемінде өтемақы алуға құқылы.

Тергеуде қаза болған әйелдің әкесі кобраның зардап шеккендерді аяғынан және балтырынан шаққанын көрсеткен. Алайда жылан шабуылдан кейін бөлмеде қалды, бұл жабайы кобраға тән емес. Маман жәбірленушілер шағып алғаннан кейін айқайламағанын, бірақ кобраның уы қатты ауырсынуды тудыратынын атап өтті. Тергеушілер Патра мен оның қызы жылан шабуылынан бұрын қандай да бір тыныштандыратын дәрі қабылдаған деген болжам жасады.

Оқиғадан бір ай өткен соң Ганеш Патра қылмысын мойындады. Ол кобраны 6 қазанда діни рәсім жасаймын деген желеумен сатып алғанын айтты. Содан кейін ол жыланды әйелі мен қызы ұйықтап жатқан бөлмеге жіберіп, ол басқа бөлмеге кетіп қалған.

Қазір полицейлер жылан сатушыдан ер адамның кобраны қандай мақсатпен сатып алғанын білген-білмегенін тексеріп жатыр. Тергеушілер қылмысқа басқа адамдардың да қатысы бар-жоғын анықтауда.