Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Теміртау мен Риддер тұрғындары апат салдарынан жылусыз қалды

AstanaTV
11.12.2023ж. 08:27
613
Теміртау мен Риддер тұрғындары апат салдарынан жылусыз қалды

Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 сорғы станциясында апат болды. 

Станцияның қазандық агрегаттары резерв отыны - мазутқа көшірілді.

"Жедел штаб құрылды. Қазір температура кестесі теңестіріліп жатыр. Техникалық бұзылыстарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік хабарламасында. 

Қала тұрғындары бұл жағдайға наразы болды, себебі олардың айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын болып тұрады.

"Сыртта аяз, жылусыз қалдық, жүйе қатып қалса, оны кім қалпына келтіреді?", "Тағы да жыл сайын солай. Құдай қаласа, биылғы қыстан аман-есен шығайық", - деп жазған тұрғындар.

Қала тұрғындары пәтерлеріндегі суыққа жаппай шағымданып жатыр.