Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Мемлекет басшысы облыс әкімдерімен жылу беру мәселелерін талқылады

11.12.2023ж. 20:00
606
Мемлекет басшысы облыс әкімдерімен жылу беру мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы жылу және сусыз қалған Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдеріне мәселені шұғыл шешуді тапсырды. Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елдімекендегі коммуналдық желілердің жұмысын жолға қоюды талап етті. Берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуы үшін Үкіметке және облыстардың әкімдеріне жеке-жеке жауапкершілік жүктеді.