Астана мен Көкшетау мектептеріндегі екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Kazinform.
«Ауа температурасының минус 36 градусқа төмендеуіне байланысты 12 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды», - делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.
Сонымен бірге, Атбасар ауданында да минус 32 градус аязға байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.
Сонымен қатар Астана қаласының білім басқармасы да 12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, 1-2 курс колледж студенттері үйден оқитынын хабарлады.