Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан Данияны жеңді

AstanaTV
12.12.2023ж. 20:00
633
Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан Данияны жеңді

Қазақстан құрамасы А тобындағы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионының екінші матчында Даниямен ойнады. Үшінші кезеңнің басында Бейбарыс Оразов есепті теңестірді, алайда қарсыластар бірден екінші шайбаны соқты. Қазақстан Кирилл Ляпунов пен Руслан Оспановтың дәл соққыларымен жауап берді. Қорытынды есеп 3:2.

Ойыннан кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин өткен матчқа түсініктеме берді: «Қиын кездесу болды, олар бірінші кезеңде үстемдік етті, белсенділің танытты. Біздің жігіттер тез ес жиды, екінші-үшінші кезеңде өте жақсы ойнады. Бұл әрине қуантады. Мұндай жекпе-жекте олардың шеберлігі артады».

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан 5:2 есебімен Венгрияны жеңген болатын, ал келесі матчта Франция құрамасымен кездеседі.

ҚАЗАҚСТАН ДАНИЯНЫ ЖЕҢДІ

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан 2023 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Жұбаныш (утешительный) раундының үшінші матчында қазақстандық гандболшылар Иран құрамасын 33:29 есебімен жеңді. Бұл Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы жеңісі. Негізгі топтық кезеңде отандық спортшылар Испания, Бразилия және Украинадан ұтылды, ал жұбаныш раундының алғашқы екі матчында Конго мен Чили командаларынан жеңілді. Ертең Қазақстан 29-шы орын үшін матч өткізеді.

ГАНДБОЛДАН ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ВТБ Бірыңғай лигасының матчында «Астана» Қазан Униксімен кездесті. Ойынның соңғы бөлігінде ғана тең нәтиже тіркелді, ал алғашқы үш кезеңде қазандықтар паркет иелерін жеңді.

«Астана» құрамында 15 ұпай жинаған Ройс Хамм мен өз активіне 14 ұпай жазған Карвел Андерсон ең жоғары нәтиже көрсетті.

«Астананың» бас бапкері Олег Киселев өз командасының ойыны туралы пікір білдірді: «Егер статистиканы алсақ, онда біз негізінен, көптеген көрсеткіштер бойынша жақсы ойнадық. Біз 15 рет жеңіліп, бір біріне қарсы ойында жеңе алмадық. Қысқаша айтқанда, УНИКС өз шеберлігін көрсетті. Олар лайықты түрде жеңді".

Уникстің бас жаттықтырушысы Велимир Перасович өткен ойынға да түсініктеме берді: «Біз қорғанысты жақсы бастадық, өте байсалды ойнадық, нәтижесінде бірінші ойын қорытындысы бойынша 15 ұпайлық артықшылық болды. Үшінші тоқсанда бізге ұпай жинау оңайырақ болды, бірақ қарқындылық деңгейін төмендетуге тура келді. «Астана» - жақсы команда және алға шығуға мүмкіндік тапты. Дегенмен, бізде артықшылықты сақтау және жеңу мәселесі болған жоқ".

Желтоқсанның 15-і «Астана» өз алаңында Қазан қаласының «Пари Нижний Новгородын» қабылдайды.

«АСТАНА» УНИКС-ТЕН ЖЕҢІЛДІ

«Әл-Наср» Сауд Арабиясының Король кубогының ширек финалында «Әл-Шабабты» 5-2 есебімен жеңді. Секо Фофана, Садио Мане, Абдулрахман Гариб, Криштиану Роналду және Мұхаммед Маран мергендігімен көзге түсті. Алаң иелерінен Карлос Джуниор мен Хаттон Бахериді ерекшеленді. Осылайша «Әл-Наср» Король Кубогының жартылай финалына шықты.

Роналдуға келетін болсақ, «Әл-Наср» мен Португалия құрамасының шабуылшысы биыл 50 гол соқты.

2023 жылы голдар саны бойынша Криштиану Роналду ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мен Бавария шабуылшысы Харри Кейнді озып кетті. Олардың әрқайсысында 49 гол бар. сондай-ақ, Манчестер Сити шабуылшысы Эрлинг Холандты қуып жетті, оның да 50 голы бар. Осы маусымға келетін болсақ, Роналду «Әл-Наср» сапында 22 матч өткізіп, 20 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

«ӘЛ-НАСР» «ӘЛ-ШАБАБТЫ» ЖЕҢДІ

Мадридтік «Атлетико» сатылымға шығарылды. Испания клубының бас директоры Мигель Анхель Хил және команда акцияларының 65% иелік ететін Президенті Энрике Сересо сату процесін бастады.

«Атлетиконы» сатып алуға "Майами Долфинс" Ұлттық футбол лигасы клубының иесі Стивен Росс қызығушылық танытуда. Қазірдің өзінде келіссөздер жүріп жатыр.

Росс америкалық футбол клубына миллиардтан астам доллар инвестициялады, сонымен қатар ол "Хард Рок стадионын" да миллиард долларға салды.

Айта кетейік, Forbes 83 жастағы кәсіпкердің байлығын 10,1 миллиард долларға бағалайды.

МАДРИДТІК «АТЛЕТИКО» САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.