Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында 1000-ға жуық құқықбұзушылық анықталды

12.12.2023ж. 20:00
873
Алматыда «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында 1000-ға жуық құқықбұзушылық анықталды

Алматыда «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында 1000-ға жуық құқықбұзушылық тікелді. Тәртіп сақшылары рейд барысында қаладағы тамақтану орындарын аралап, қоғамдық орындарда шылым шегіп, темекі бұйымдары мен қорқор пайдаланған адамдарды анықтады. Оларға бірден хаттама толтырылып, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ дер кезінде шара қолданбаған мейрамхана қызметкерлері де әкімшілік жауапқа тартылды.

Аңсар Төлебеков, МЕДЕУ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПБ ЖПБҚ БАСТЫҒЫ:
2023 жылдың 11 желтоқсанынан 13 желтоқсанына дейін құқықтық тәртіп іс-шараларын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін әкімшілік құқықбұзушылықтың 441- бабымен жұмыс істеп жатырмыз. Табачное изделиеге кіретін темекі, айкос, кальян, қыздырылмаған табақтар, ГЛО, кальянның неше түрлісі. Оларған қазіргі таңда тыйым салынған.
Рейдке полиция қызметкерлерімен қатар «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері де қатысты. Жоба аясында 100-ден астам нысан тексерілді.

Ерген МАКСИМ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Бұдан бөлек біз 18 жасқа толмаған балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Осымен қатар кәмелетке толмаған балалардың сыртта жүрмеуіне, ойын клубтарында, осындай қоғамдық орындарда түнде жүрмеуіне атсалысамыз. Тексерістер жүргіземіз.