Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Атырау облысында жүкті келіншек көз жұмды

12.12.2023ж. 20:00
670
Атырау облысында жүкті келіншек көз жұмды

Атырау облысында жүкті келіншек аурухана төсегінде көз жұмды. Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны денсаулығына байланысты шағыммен дәрігерге жүгінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел ауруханаға 5 желтоқсан күні түскен. Дәрігерлер «жедел респераторлық ауру. Жедел фарингит» диагнозын қойған. Ол ертесіне жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жүктіліктің 36-шы аптасында болған. Оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімі «Медицина жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазір аталған дерек бойынша ҚК 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды.