Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"231 млрд теңге бюджет қаражатын жұмсауда заң бұзушылық анықталған",-министр

12.12.2023ж. 20:00
463
"231 млрд теңге бюджет қаражатын жұмсауда заң бұзушылық анықталған",-министр

231 млрд теңге бюджет қаражатын жұмсауда заңбұзушылық анықталған. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу рәсімі кезінде жол берілген. Сондай-ақ, аудит бойынша тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау барысында болған.

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Тексеру нәтижесінде 72 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері кемшіліктерді жою туралы хабарламалардың 93%-ін орындады

Биыл мемлекеттік бюджетке 18,2 трлн теңге түскен. Республикалық бюджет бойынша 20 трлн теңгеге шығыстар жүргізілген. Алайда оның 336 млрд теңгесі жұмсалмай қалған. Қаражатты кері қайтарғандардың қатарында бір емес, бірнеше министрлік бар.

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Игерілмеудің неқұрлым ірі сомалары ішкі істер, өнеркәсіп және құрылыс, төтенше жағдайлар және мәдениет және ақпарат министрліктерінде қалыптасты.