Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×
Келіндер
Ойын-сауық

Келіндер

Үш аймақтан тоғысқан келіндердің ұстанатын дәстүрлері, диалект сөздері де әр түрлі. Бірақ оларды біріктіретін бір-ақ адам бар, ол - ене! Келіндер ененің айтқанынан шықпауға тырысады. Келіндік "қызметтері" барысында түрлі қызықтарға тап болады. Мұның барлығы "Астана" арнасының "Келіндер" жобасында. Жобаның алғашқы 3 маусымы арна эфирінен өте жоғары рейтингтік көрсеткішпен өтті. Тіпті YouTube порталында да аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды. Қаралымдар саны 1 миллионнан асады. Сондықтан "Астана" арнасы жобаның төртінші маусымын ұсыну жөнінде шешім қабылдады. Жобаның басты рөлінде көрерменнің ерекше ықыласына бөленген театр және кино әртісі - Жұлдызай Дүйсенбиева, танымал актриса Дариға Бадықова және КВН ойындары арқылы қазақ жастарына жақсы таныс - Мереке Бауыржанқызы. Отбасындағы кейіпкерлердің образын танымал эстрада және кино жұлдыздары Индира Елемес, Рамазан Амантай, Мейрамхан Шалқыбеков, Дастан Қалдыбаев сомдады. 

Өткен шығарылымдар