Бәріміз сүйіп көретін сатира жанрындағы телехикаяның төртінші маусымы!
Дүйсен бригадир. Көршілер де өз орнында. Отбасының ұйытқысы болып отырған әже де қаз қалпында. Ал Күлпәш пен Кәтәлөк әйтеуір бір қызыққа тап болады да жүреді. Нәкөнәй ше? Бұл маусымда үйлене ме екен? Бізді тағы қандай қызықтар күтіп тұр екен?