Ақша айырбастау орталықтарындағы теңгенің әлсіреуіне классикалық факторлар ықпал етіп отыр. Олардың ең негізгісі - мұнай бағасының арзандауы мен Ресей рублінің әлсіреуі. "Қазақстан қор биржасы" басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюктің пікірі осыған саяды. Қазір АҚШ доллары 349-351 теңге аралығында саудаланып жатыр. Андрей Цалюктің сөзінше, "қара алтынның" бағасы өткен айда төмендеген. "Брент" маркалы мұнай бағасы барреліне 76 доллардан 72 долларға арзандады. Бұл, әлбетте, Ресей рубліне, ал ол өз кезегінде теңгеге әсер етті. Сондай-ақ АҚШ валютасының нығаюына айдың басталуы да маңызды. Маманның пайымынша, әр айдың басы теңге үшін қолайсыз кезең.
Андрей Цалюк, "Қазақстан қор биржасы " АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Яғни салық кезеңінің аяқталуынан кейін банк секторының белгілі бір өтімділігі босатылып, қазір долларға жақсы үрдіс болған кезде нарықтың осы секторына белгілі бір сома бағытталады. Сондықтан мұндай қосымша фактор бар. Негізінде, әр айдың бірінші онкүндігі теңге үшін жақсы кезең емес.