Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Ақтауда 9 адам қаза тапқан апатқа қатысты сот тыңдалымы басталды

Ақтауда 9 адам қаза тапқан апатқа қатысты сот тыңдалымы басталды

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 9 адамның өліміне соқтырған жол апатына қатысты сот процесі басталды. 60 жастағы азамат бірнеше адамның өліміне кінәлі ретінде айыпталып отыр. Тергеу барысында «Газель» жүргізушісінің кінәсі дәлелденген. Ал ҚТЖ компаниясының басшылығы локомотив жүргізушісі нұсқаулыққа сай әрекет еткенін мәлімдеді. Күдікті көп ұзамай қамауға алынған еді.

Еске салсақ, өткен қараша айында жолаушылар мінген Газель көлігі мен локомотив соқтығысып, салдарынан 9 адам көз жұмды. Тағы 27 адам жарақат алған болатын. Келесі сот тыңдауы 14 мамырға белгіленді.