Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"Нұр Отан" партиясы "Біздің ауланың чемпиондары" атты жаңа жобаны іске қосты

AstanaTV
02.05.2018ж. 20:00
2887
"Нұр Отан" партиясы  "Біздің ауланың чемпиондары" атты жаңа жобаны іске қосты

"Нұр Отан" партиясы "Біздің ауланың чемпиондары" атты жаңа жобаны іске қосты. Мақсаты - кәсіби спорт майталмандарын шақыру арқылы жұртшылыққа тегін жаттығулар өткізу. Ұйымдастарушылардың айтуынша, қазіргі инновациялық технологияларға байланысты, балалар аулаға шығып ойнаудан қалған.

Жаңа жобаның тұсаукесерінде әуесқой командалар арасында шағын футболдан сайыс өтті. Оған 8 аула командасы қатысты. Партиялықтар бұл жоба ұзақ мерзімге жалғасатынын айтып отыр. Шара соңында жеңімпаздарға  "Нұр Отан" партиясының атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Бақыт Сапаров, "Нұр Отан" партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары:

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі - болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бала - біздің болашағымыз. Мықты мемлекет болып қалыптасуымыз жастарға байланысты. Осындай турнирлерді үзбей өткізіп отыру жоспарда бар.