Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешов пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешов пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әсет Исекешов пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында Қарулы Күштерді дамыту тұжырымдамасы мен шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері талқыланды. Кеңес хатшысы Әсет Исекешов Қорғаныс министрлігімен бірлесіп негізгі басым бағыттардың іске асыру кезеңдері айқындалғанын, сондай-ақ  қорғаныс - өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын қаржыландыру жоспарларының әзірленгенін баяндады. Ал Қорғаныс министрі Қарулы Күштер мен басқа да әскери құралымдарды дамытудың жаңа тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ғ.Өтемісов