Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Коронавирусқа қарсы вакцинаға кепілдік жоқ, - дәрігер

AstanaTV
14.05.2021ж. 20:00
4958
Коронавирусқа қарсы вакцинаға кепілдік жоқ, - дәрігер

Коронавирусқа қарсы вакцинаға кепілдік жоқ. Екпе алған адам індетті қайта жұқтыруы әбден мүмкін. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева осыны жеткізді. Тіпті, науқас кеселді таратуға да қауқарлы. Сондықтан, вакциналаудан кейін тұрғынға маскасыз жүру ұсынылмайды. Толығырақ сарапшылардың пікірін тыңдаған әріптесім Асылбек Даниярдың материалында.

Екпе алғандардың арасында індетке шалдыққандар тіркеліп жатыр. Мамандардың айтуынша, оларда сырқаттану жеңіл өтеді. Сонымен бірге, тұрғынның коронавирусты жұқтырғанына 4 ай болса, препараттың бір дозасын алу жеткілікті.

Манар СМАҒҰЛ, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 44 адам коронавирус жұқтырған. Біз коронавирустың барлық жағдайын жеке талдаймыз. Талдау барысында вакцина салдырса да вирус жұқтырғандар анықталды.


Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандары саны 1 миллион 800 мыңға жуықтады. Кейбір деректерде, елде дәрілік препарат таусылып жатыр деген ақпарат тарады. Әсіресе, Алматы қаласында отандық екпе қалмаған.

Манар СМАҒҰЛ, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі күні Алматы қаласында QazCovidIn вакцинасының 3000 дозасы жеткізілген. Бүгінгі күнде вакцинаның жоқтығы байқалмайды.

Бірақ, мегаполистің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты басқаша. Қазір қалада ресейлік Sputnik V және қытайлық HayatVac вакциналары ғана қолжетімді.

АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:


Алматы қаласы бойынша отандық QazVac вакцинасы таусылуда. Отандық вакцинаның бірқатар дозасы 1-2 аптаның ішінде Алматыға жеткізіледі. Қалада вакцинаның 7-8 дозасы ғана қалған.

Екпе вирусты жұқтырмауға ешқандай кепілдік бермейді, дейді медицина сарапшылары.  

Ләззат ЕРАЛИЕВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Маусымдық аурулар кезінде жыл сайын екпе алу қажет етіледі. Мысалы, тұмау мутацияға ұшырайды. Сол үшін екпенің құрамы да, жасап шығарушыларда өзгеріп отырады. Коронавирустың таралуы жалғаса береді. Жаңа штаммдар шығуы ықтимал. Сондықтан екпені, жыл сайын салдыру керек.


Елдің бас репродуктологы жүкті әйелдерге екпе салдыруға кеңес бермейді. Себебі, бұл санаттағылар ауру ауыр өтеді. Сондықтан екпені жүктілікті болмай салдыру шарт. Ал ЭКО жасатқысы келгендерге вакциналаудың толық курсын аяқтау шарт.  

А. Данияр