Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

БҚО-да "оқушының зорланғанын жасырды" деп айыпталған директор соттан кешірім сұрады

AstanaTV
26.05.2021ж. 20:00
2832
БҚО-да "оқушының зорланғанын жасырды" деп айыпталған директор соттан кешірім сұрады

Батыс Қазақстан облысында оқушысының зорлық көргенін жасырды деп айыпталған Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметова соттан кешірім сұрады. Ол өзін кінәсізбін дейді. Өйткені адам аузы бармайтын азғындық мектептен тыс жерде болған. Сондай-ақ оқушының ата-анасы мен туыстарынан бұрын мұғалімнің полицияға шағынуы міндетті емес және куәгерлердің жауабы қиыспайды, дейді директор. Бүгінгі сот алдындағы соңғы сөзінде Лариса Қожахметова ұстаз болуды бала кезінен армандағанын айтып, қиналған кезде өзін қолдаған әріптестері мен отбасына, тіпті көршілеріне де алғыс айтты. Ауыр науқас екенін және үш бала өсіріп отырғанын айтып, соттан өзіне кеңшілік танытуын сұрады.

Лариса ҚОЖАХМЕТОВА, СОТТАЛУШЫ:


Ұстазды ешкім қорғамайтынына дәлел болды бүгін. Осыдан кейін кім басшы болады? Кім басшыны қорғайды? Кім ұстаздарды қорғайды? Туған анасы бар өзінің, баласына деген жанашырлығы қайда? Ол қалай бірге тұрады? Құрметті сот, осы жағдайларымды ескеріп, ҚР Соты атынан сіз мені ақтап, әділ шешім қабылдайды деп сенемін.


Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы  мектеп-гимназияның директоры Лариса Қожахметова кәмелет жасына толмаған оқушы қыздың зорлық көргенін хабарламағаны үшін айыпты деп танылған. Бұл туралы біз бейнематериал берген болатынбыз.  Сот материалдарынан белгілі болғандай, ауыл тұрғыны он жастағы өгей қызына үш жыл бойы азғындық әрекет жасаған. Бірақ анасы ғана емес, мектептегі ұстаздары да қорғансыз періштеге ара түсуге асықпаған көрінеді. Өгей қызына озбырлық жасаған адам 22 жылға сотталды. Ал директор, кінәсі дәлелденсе, алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Е. Карин