Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Елордада 12 жасар оқушының алғашқы кітабы жарыққы шықты

Елордада 12 жасар оқушының алғашқы кітабы жарыққы шықты

Елордалық 12 жастағы Разия Өмірсерікқызының «Ертегілер әлеміндегі ханшайым» атты кітабының тұсауы кесілді. Жас қаламгердің тырнақалды туындысында заманауи ертегілер топтастырылған. Автор қоғамдағы кейбір мәселелерді түрлі кейіпкерлермен бейнелеп, әдемі оқиғалармен өрген. Кітаптағы суреттерді де Разияның өзі салыпты.  Алғашқы жинақтың жарыққа шығуына оның ата-анасы қолдау көрсеткен.

Разия ӨМІРСЕРІКҚЫЗЫ, ЖАС ҚАЛАМГЕР:

3 -сыныптан бастап шығармалар өлеңдер шығаруды жақсы көрдім.Сөз таптары деген ертегі жазуға берді.Мен оны шығарып анама көрсеттім. Ол маған күшті жазасың деп инстаграм парақшама салып қойдым.Сосын маған өзімнің оқырмандарым күшті жазасың деп шабыт беріп, мен тағыда күшті ертегілер жазатын болдым.

Б. Сатуов