Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістан облысының тұрғыны ұлының өліміне құзырлы орын өкілінің қатысы бар деген күдікте

AstanaTV
06.09.2021ж. 20:00
3638
Түркістан облысының тұрғыны ұлының өліміне құзырлы орын өкілінің қатысы бар деген күдікте

Шымкентте 24 жастағы жігітті өлтіріп, терісін сылып тастаған. Осылай деген марқұмның ет жақындары, азапты өлімге күдіктілер түгел ұсталмай отырған айтады. Тіпті бұл істі бұрмалап, жаппақшы болғандардың арасында құзырлылар да барына сенімді. Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны енді ел Президентінен көмек сұрайды. Көлік жуу орынында болған қанды қылмыс жайлы әріптесім Айзада Төребекқызының репортажында.

Еңірегенде етегі жасқа толған Ғалия Жаңабаеваның айтуынша, ұлы түнгі оннан аса көлік жөндеу орынына барамын деп шығып кетіпті. Көлігін жөдеуге қалдырған, бірақ қайтадын оралмаған. Екі  тәуліктен соң, денесі Түлкібас ауданындағы егістіктен табылған. Қаралы отбасы мәйіттің азаптап өлтірілгенін жаназа кезінде бір ақ білдік дейді. Шұғыл жерлеуді тоқтатып, сараптамаға жіберіпті.
 
Нұрлан АБАНОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:


Бұны мәшине жуатын пистолетпен жуған, қанын жуған. Ыстық сумен жуған. Денесінің бәрі күлдіреп кеткен. Ойылып кеткен, не деген масқара мынау...Мына жерін көріңізші, жұлып алған ғой, жұлып алған прям терісін.  Хайуандар...


Куәгерлердің айтуынша Айбекті көлік жуатын орындағы екі жігіт өлтірген. Олар қазір қамауда. Тек күдіктілер түгел қамалмады дейді марқұмның ағасы. Ал мәйітханадағылар Айбекті «өз қанына өзі тұншығып өлген. Еш жері сынбаған» деген ауызша қорытындымен шектелген. Бұл да күмәнді дейді марқұмның ет жақындары.

Нұрлан АБАНОВ,  МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Бұл жерде мойка мен сіздерге анығын айтайын, мойка –прокурордікі деп есіттік. Значить бұл жерде прокурор күдікті боп тұр. Сол кісінің айтуыменен Түлкібас ауданына апарғаны сол кісінің айтуымен болып тұр. Мен солай күдіктеніп тұрмын қазір. +делоны бұрмалап жаппақшы болған. Өзі өлді есебінде жаппақшы болған.  

Ғалия ЖАҢАБАЕВА,  МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Сол Түлкібас ауданында прокурор боп істеген екен. Бір жыл бопты осы Шымкент қаласына ауысқан екен.Беркінбаев деген жаңағы Бағдәулет деген қандықол қарақшының нағашы ағасы. Бұл бала оған жиен бала болады. Содан өлтіріп оған ақыл кеңес беріп отырған. сөйтіп оны Түлкібас ауданына апарып, мақсарының арасына тастаған.


Айбекті соңғы көрген адам -көлік жөндеуші. Түнгі 11-ге таяу келгенненен түнгі үшке дейін қасында болыпты. Оның сол жерде көлік жуатын жігітпен қалғанын айтады.

Хикматулла ҚҰЛАХМЕТОВ,  КӨЛІК ЖӨНДЕУШІ:

Алып кетіп жатқан едім оны үйге апарып тастауға. Бағдәулет көрді де, «қалмайсың ба деді. Ішеміз.. деді. Болды. Соны көрді де қалып қойды да қайтатын еді. «Болды. Өзім барамын» ,-деді.  Дальше үйге кеттім мен. Азанда уже келіншегі звондап жатыр, келген жоқ. қайда деп. Сосын іздей бастадық.


Қылмыстың осы жерде болғанын айғақтайтын жазба -бұл. Мұнда екі жігіттің арасындағы кикілжің анық көрінеді. Айбектің құлағанына қарамай бірі басынан тепкілеп жатыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Үш жігіттің арасындағы ерегіс көлік жуу орнының осы артқы жағында орын алған. Бұл шамамен таңғы сағат төрт жарымдардың шамасы. Мұның барлығы мынау бағанадағы бейне бақылау камерасына жазылып қалыпты. Бірақ туыстарының айтуынша,  неге екені белгісіз мұнан өзге бейне жазба сақталмаған.


Марқұмның туыстары істің әу бастан бұрмаланғанына сенімді. Сондықтан Мемлекет басшысының өзінен көмек сұрап отыр. Полиция бұл істің қазір Сайрам ауданында қаралып жатқанын хабарлады.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 
Сайрам ауданындық сотымен күтікті екеу қамауға алынып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кетейін, 24 жастағы Айбек Бекасылдың артында әйелі мен ұлынан блек екі жасар қызы мен ата-анасы аңырап қалды. Марқұм отбасының бетіне қараған жалғыз ұлы. Қаралы отбасы кіләлілердің әділ жазалануын сұрайды.

А. Төребекқызы