Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

СҚО көпқабатты үйдің балкондарына кіретін есік салынбай қалған

AstanaTV
12.11.2021ж. 20:00
1608
СҚО көпқабатты үйдің балкондарына кіретін есік салынбай қалған

Солтүстік Қазақстанда мердігерлер көпқабатты үйдің құрылысы барысында балкондарға кіретін есік  салуды ұмытып кеткен. Құрылысшылардың ағаттығын байқаған тұрғындар мұны телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Белгілі болғандай, дауға іліккен баспана өткен ғасырдың алпысыншы жылдары салынған. Көп жылдар бойы иесіз тұрған тұрғын үйді жеке инвестор қалпына келтіруді қолға алған көрінеді. Алайда, жобалық-сметалық құжаттамаға балкондарды жаңғырту жұмысы енбей қалған.  

СҚО ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ:

46 пәтерлі тұрғын үй 1990-жылдардан бастап қаңырап бос тұрды. Бүгінде құрылысшылар оны жеке инвестицияның қаражатына қалпына келтіріп жатыр. Құрылысшылар балкондарды жобаға енгізбегенін жеткізді. Бірақ үйдің қасбетін бүлдірмеу үшін оны бұзбауды жөн көрді. Аудандық әкімдік құрылыс компаниясына балкондарды алып тастауға кеңес берді.

А. Құрманкин