Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×
Реклама на сайте

Алматыда үш баласымен қаза тапқан келіншектің жолдасы ес жия алар емес

AstanaTV
23.11.2021ж. 20:00
4721
Алматыда үш баласымен  қаза тапқан келіншектің жолдасы ес жия алар емес

Алматыда үш баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен келіншектің ата-енесі "келініміздің мұндай қадамға баруына жоқшылық себеп болуы мүмкін емес" дейді.  Тіпті сүйіп қосылған ерлі-зайыптының  арасында ұрыс-керіс  те болмағанын айтады.  Олар енді ұлдарының өміріне де алаңдаулы. Баламыз өзіне қол сала ма деп қорқады.Түркістандағы қайғылы отбасына барып, марқұмның туыстарымен тілдескен Айзада Төребекқызының материалы.

Бір күнде төрт адамынан айрылған Оразовтар отбасы ұлымыз да өз-өзіне қол салады ма деп қорқады.  Бауырлары күндіз –түні қасында, бір елі ажырап жатқан жоқ- деді Нұрсұлтанның әкесі.  Қазір ол Алматыдан мәйіттерді елге әкеле жатқан көрінеді.  Үш немересі мен сүйікті келінінен айрылып,  есеңгіреген  Бауыржан Оразов  «Гүлім» деп еркелеткен келінінің мұндай қадамға қалай   барғанын түсіне алар емес.

Бауыржан ОРАЗОВ? МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Екеуі өзі сүйіп үйленді, сүйіп алды, үш бала шағалы болды. Нұрсұлтан баламда жаман бала деп айтпаймын. Көршілерім біледі, жора-жолдастары біледі мысалы ішпейтін, шекпейтін бала.  Келін де алтын адам еді.

Нұрсұлтан - отбасының тұрғышы. Әкесінің айтуынша, базарда сауда –саттық жасайды. Келінімнің суицидке баруына жоқшылық себеп болды деуге   негіз жоқ дейді. Несиелері де жоқ көрінеді. 26 жыл ішкі істер саласында еңбек еткен  азамат келінінің   қалдырған хатында кімдерді меңгезені өздеріне де жұмбақ болып тұрғанын айтады.  

Бауыржан ОРАЗОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Бұл өмірдің тауқыметіне шыдай алмадым. Бірақ ешкімге қояр нем жоқ. Бірақ кінәлілер өздері біледі. Деп жазып кетіпті дейді. Оған менің де басым жетпеді. Не болды, не қойды? менің де басым жетпей жатыр.

Ғалымжан ОРАЗОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Арақ ішпейді, темекі шекпейді. Мінезі салмақты. Келінге ұрысып айқайлап жатқанын көрген емеспіз. Құдайға шүкір жағдайы жақсы ол баланың. Мысалы бала-шағасының бәрін киіндіріп қойып жатыр бәрін әперіп. Бізге келіп бір нанға ақша берші деп жатқан жоқ. Өзімізге құпия болып тұр бұл.

Ал анасының шешімімен көкке ұшып кете барған үш періштенің үлкені биыл ғана бірінші сыныпқа барыпты, екінші қызы дайындық тобында оқыған. Ал кенже ұл  жақында екі жасқа толар еді деп атасының көкірегі қарс айрылады.  Бауыржан Оразовтың айтуынша, ұлы мен келіні үйленгелі Алматыда тұрады. Тамыз айында ғана мектепке жақын болсын деп тоғызыншы қабаттағы пәтерді 120 мың теңгеге жалға алыпты. Балалардың қауіпсіздігі үшін терезесіне тор орнату керек екен деп айтқан да екен. Ойында ештеңе жоқ, алғашында  немерелерім қолымда оқыса деген тілегімді де айтқанмын, бірақ жастар құлақ аспады деген өкініші де бар әкенің.  Бұл жантүршігерлік  оқиға бүкіл ауылды дүр сілкіндірді.   

Ержан ҚОШҚАРОВ, КӨРШІСІ:

Кәусар деген қызы бар еді, қыршын кетті байғұс. Ешқандай жаманшылық көрген емеспіз. Өте трагический тірлік боп жатыр балалар.  Өзінің туған, өзінің жатырынан шықты ғой, үш перзенті бірдей. Әулет болып, көрші-қолаң болып 27 жігіт боп жер қазып жатыр. Бізге өте ауыр жағдай.

Ал марқұм Бахтыгүл Қыдырбаеваның ата-анасы да Шымкент қаласында  тұрады. Кей ақпарат көздерінде   анасы  қызының өзімен қоса үш перзентін  өлімге қиюына күйеу баласын  кінәлайтынын айтты деп тарап жатыр. Бірақ, оның рас-өтірігін анықтау мүмкін болмады.   Қызынан айрылып, жұрегі қарс айрылған ана  есін жоғалтып, қайта-қайта жедел жәрдем шақыртып жатырмыз деген туыстары сұқбат бермеді. Марқұмдардың денесі ертең Қазығұрт ауданында жер қойнына тапсырылады.  

 А. Төребекқызы