Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Мобильді аударымға қатысты жұрт дүрлігіп жатыр

Мобильді аударымға қатысты жұрт дүрлігіп жатыр

"1 желтоқсаннан бастап мобильді аударымдарға салық салынады". Әлеуметтік желіде осындай ақпарат  тарап, жұрт дүрлігіп жатыр.   Халық  есепшоттағы қаражатын  қолма қол ақшаға ауыстырып әлек. Мәселе неден туындады? Құзырлылар не дейді?  Әріптесім Динара Жарқынбектің репортажы.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Мобильді аударымдарға қатысты заң жобасы  мақұлданғалы жұрт дүрлігіп жатыр. Банкомат жағалап, ақшаны қолма-қол алып, әлекке түсуде. Такси жүргізушілері, дүкен иелері мен сұлулық салондарының қызметкерлері   қазірден бастап онлайн төлем қабылдамай,  ақша талап етуге көшкен.

Халық  мобильді төлемге қатысты салық енгізудің қажеті жоқ деп санайды.     Аударымға қатысты жаңалық естігелі, қолма қол ақша іздеп маза кетті дейді.

БЛИЦ:

- Менің достарым да, туған туыстарымда налог болғанына қарсы. Және осы перевод осылай қалғанын қолдаймыз.

- Нет, это не выгодно. Потому что как бы щас все подрезает. Люди на наличку перейдут. это не выгодно. Тем более, все принимают переводы. Налог возьмут, по любому налог будет выходить. Не хорошо, людям поджимают все.

- Конечно, нет. это же единственная такая возможность. Радовались. Щас, конечно, это новость немножко расстроило нас.


Қаржы министрлігі жаппай дүрлігуге  негіз жоқ дейді.  Бұл тек көлеңкелі кәсіпті айқындауға негізделген бастама екенін айтады. Егер бір тұлғаға күніне қайта-қайта ақша түссе, оны мамандар бірнеше ай бақылауға алады. Онлайн ақша түсімі   бірнеше ай бойы жалғасса, онда тиісті органдар есепшоттың иесін тексеріп, шара қолданбақшы. Яғни, оған салық салынады. Бірақ жеке адамдар арасындағы онлайн аударымдарға бұл өзгерістің  қатысы жоқ дейді.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Келесі жылдан бастап мобильді төлем деген ұғым болады. Сол төлемдер салық органдары үшін ол банктерден бізге ақпарат түсіп тұрады. Ал, мобильді аударым ол жеке тұлғалар бір-бірінің арасында төлемдері бойынша бізге ақпарат келмейді.

Сарапшылардың саралауынша, аталмыш салық заңнамасын 1-2 жыл кейінге қалдырған жөн. Себебі, аяқ асты ешбір түсініктемесіз тәжірибеге енгізу ел ішінде дау тудырады дейді.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Азаматтардың, кәсіпкерлердің салықты әрбір түскен табысынан төлеуге міндеттеу үшін жасалған екенін атап өткім келеді. Мұны енгізуге әлі асықпау керек. +Бірінші кезекте осы процессті түсіндіру керек еді әбден.


Айта кетейік, заң қабылданған жоқ.  Сондықтан мамандар   жұрттан даурықпауды сұрайды.   

Д. Жарқынбек