Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағанды облысында белгісіз мал ауруы өршіді

AstanaTV
22.12.2021ж. 20:00
2142
Қарағанды облысында белгісіз мал ауруы өршіді

Ал, Қарағанды облысындағы шаруа қожалықтың бірінде мал жаппай белгісіз дертке шалдығып жатыр. Малшылар, бұл - ірі қараға екі жыл бойына бірде-бір екпе салынбағанын, енді оның зардабын көріп жатқандарын жеткізді. Шет ауданында бүгінде ауруға шалдыққан ірі қара саны 800-ге жеткен. Жергілікті ветеринарлар малшылардың пайымына қарсы уәж айта алмады. Өйткені тегін дәрі алуға мемлекеттен қаржы бөлінбеген.

Сәуле, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АҚЖАЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екі жыл болды вакцина салмағанына ештеңе алмаған. Малдар әбден ауырған соң шақырттық. Сол кезде келіп вакцина салып кетті. Бірақ қалған вакцина мен витаминдерді өзіміз сатып алып салдық. Тегін ба деп сұрадық, бірақ өздеріңіз сатып аласыздар, бізге ондай ақша бөлінген жоқ,- деді дәрігер.

Мал ауруы Шет ауданының Ақжал кентінен басқа Ақшатау, Киікті, Ақсу- Аюлы, Босаға ауылдары мен Мойынты кентінде жаппай өршіген. Сиырлар мен бұзаулардың ауыздарынан су ағып, жем- шөп жей алмай жатып қалыпты. Қарашаның ортасында алғаш байқалған. 6-уі арам қатқан. Алайда ауылдықтар одан да көп сиыр қырылуы мүмкін деп отыр. Ветеринар мамандар да  белгісіз дерттің етек алғанын растады. Сонымен бірге сынамалар республикалық зертханада әлі де сарапталып жатыр деді. Мамандардың дерегінше Қарқаралы ауданында да ауру белгілері тіркелген.

Данияр МЕРҒАЗИН, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруы анықталды. Басқа жерлерден малдарды тасымалдау немесе жеке заңды тұлғалардың малды ветеринариялық мамандардың рұқсатынсыз  ескертпестен басқа жерден алып келуі, жаңағы карантинге қойылмаған малдарды алып келу себебінен болады негізі. Ауру тіркелген жеке аулаларда дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

А. Қуаш