Жетісу облысында құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдің балкондарындағы өртті сөндірді
Талдықорған қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы «112» пультіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жоғары шақыру дәрежесі бойынша жедел жетті, деп хабарлайды Astana TV.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрттің 8 және 9-қабаттардың балкондарында болғаны анықталды. Өрттің ауданы 23,5 шаршы метрді құрады.
Тұрғын үйден 35 адам, оның ішінде 11 бала өз бетінше эвакуацияланды. Құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баланы эвакуациялап, құтқарды.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ ескертеді: өрт анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.