$447.14 €499.54 ₽5.46

Көлік жолдан шығып кеткен

Көлік жолдан шығып кеткен
фото скрин

Ақтөбе облысында құтқарушылар көлікті жол жиегіндегі ордан шығарып алды

Ырғыз ауданында, облыстық маңызы бар Ырғыз - Шалқар автожолының 40-шақырымында жеңіл автокөлік жол жиегіндегі орға аударылып кеткен, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Құтқарушылар автокөлікті ордан шығарып алды.

Көлік салонында екі адам болған. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқарушылардың көмегінен кейін жолдарын өздігінен жалғастырды.

ТЖМ ескертеді: жылдамдық режимін сақтаңыздар, жол және ауа райы жағдайын ескеріңіздер, көлік жүргізу кезінде мұқият болыңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!