Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанайда жылу энергия компаниясының экс-басшысына қатысты сот басталды

AstanaTV
02.02.2022ж. 20:00
1775
Қостанайда жылу энергия компаниясының экс-басшысына қатысты сот басталды

Қостанайда 79 миллион теңгеден астам қазына қаржысын жымқырды деген айып тағылған   жылу энергия  компаниясының экс-директоры мен оның сыбайластарына қатысты сот басталды. Коммуналдық кәсіпорынды басқарған Асқар Бекпағанбетов пен  оның орынбасары  бас инженер Вячеслав Плотников екі жыл бұрын тергеуге алынған болатын. Экс-директорға «алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын ұрлауды ұйымдастырды» деген айып тағылған. Ал орынбасары мен тағы екі кәсіпкер оған көмектескен. Ұйымдасқан топ 2020 жылдың наурыз айынан қарашаға  дейін заңсыз әрекеттерін жүзеге асырып, 79 миллион теңгеден астам  бюджет қаражатын жымқырған. Сөйтіп мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын  басшысы сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Сонымен қатар ол кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін айыпталуда.

Азамат ТОҚТАРБАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:

Қылмыстық, қасақана пайдакүнемдік ниетпен алдын ала адамдар тобы  сөз байласқан. Бірнеше рет кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырған. Сөйтіп мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады.

З. Санай