$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығуы керек", - Е.Саиров

13.12.2023ж. 20:30
1311
"Жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығуы керек", - Е.Саиров

Еліміздегі жылу орталықтарының тозығы жеткен. Кейбірінің пайдалануға берілгеніне 50 жылдан асқан. Қытымыр қыста бұл қауіпті дейді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров. Оның сөзінше, шіріген құбыр, ескірген қазандық, "кеңестік заманнан қалған" насостарды ауыстыратын уақыт баяғыда өтіп кеткен. Былтыр ғана жылу саласындағы инфрақұрылымды жаңарту үшін 160 миллиард теңге бөлінсе де, атқарылған іс көзге көрінбейді дейді. Осыған байланысты, Ерлан Саиров саладағы менеджмент пен бақылауды күшейту қажет екенін айтты.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Алдағы 3 ай қыс уақытына жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығып, барлық жиналыстарын қысқартып, жылу орталықтарының бас-қасында осы аязды күндері жүруі керек. Екіншіден, 2022-2023 жылдары Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бөлінген қаражаттардың есебіне қатаң анализ жасалуы тиіс. Бұл саладағы әрбір жемқор қатаң жазалануы тиіс! Осы күндері өңірлердегі оперативті штабтардың жұмысын "екі еселенген 24/7 режиміне" көшіру қажет.