Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Экс-әкім Ахмедбек Ахметжановтың тойханасы алғашқы аукционда сатылмай қойды

AstanaTV
12.12.2016ж. 20:00
2092
Экс-әкім Ахмедбек Ахметжановтың тойханасы алғашқы аукционда сатылмай қойды

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың тойханасы өтпей тұр. Тобыл өзенінің жағасында орналасқан «Алтын Сафты» алғашқы сатылымда ешкім алған жоқ. Бастапқы құны 429 миллион 428 мың теңгені құраған ғимарат енді екі есе арзанға сатылмақ. Бұл туралы «Электронды сауда алаңы» порталы жазды. Келесі аукцион желтоқсан айының жиырма екісіне белгіленген.

Еске салайық, жемқорлыққа жол берген экс-шенеунік он үш жылға бас бостандығынан айрылып, дүние-мүлкі түгел тәркіленген болатын. Оған тиесілі «Метрополь» мейрамханасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының еншісіне берілді. Тағы бір сауда орталығы 87 миллион теңгеге бағаланып отыр. Нысанның қашан саудаға түсері әзірге белгісіз.

Заңғар САНАЙ