Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Болашақ» бағдарламасымен оқуға кеткен Е.Еліковтің атан-анасы, ұлымызбен байланыссыз қалдық, деп отыр

AstanaTV
12.12.2016ж. 20:00
3059
«Болашақ» бағдарламасымен оқуға кеткен Е.Еліковтің атан-анасы, ұлымызбен байланыссыз қалдық, деп отыр

«Болашақ» бағдарламасымен шет елге оқуға кетіп, іс-түссіз жоғалған Ержан Еліковтың ата-анасы, ұлымыздан әлі де хабар жоқ, деп отыр. Ал бұған дейін Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов Еліковтың табылғанын айтқан еді. Студенттің әкесі Мелдешовпен кездесіп, оның ұлының тірі екенін куәләндыратын фото не бейнежазба көрсетуін сұраған. Алайда студент табылды деп жар салған тарап жауап бере алмады, - дейді әкесі. Ал берген телефон номерімен ешкіммен хабарласа алмаған.

Серік Еліков, жоғалған студенттің әкесі:

Олар таптық деп берген номерге хабарласа алмадық. Кейін досы Романның номерін сұраттық. Оған, көрдің бе десек, ия, екі-үш күн бұрын көрдім, деді. Қайда тұрып жатыр, жұмыс істей ме, адресін берші десем, бере алмаймын, дейді. Онда көргенде, бір хабарын берші дегем. Хабар болмаған соң, өзім хабарластым, жауап жоқ. 

Еліковтардың қорғаушысы, Қалтай Қалиақпаров студент әлі табылған жоқ, дейді. Интерпол мен Қазақстан полициясы іздеу жұмыстарын жүргізген көрінеді. Алайда, әзірге құқық қорғау орындарынан ешқандай ақпарат болмапты.

Қалтай Қалиакпаров, қорғаушысы:

Біріншіден, Еліков Ержан Серікұлы табылған жоқ екенін айтқым келеді. Әйтпесе біздің құқық қорғаушылар «болашақтықтардан» бұрын білер ед іғой. Ал, Ержан табылса, бірінші ата-анасына хабар берер еді. Қазір ата-анасының келісімімен құқық қорғау орындары мен Президент аппаратынан көмек сұрамақпыз. 

Естеріңізге салсақ, Ержан Еліков Пенсильвания штатына «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға кетіп, жоғалып кеткен. Соңғы рет ол оқуының аяқталуына 1 ай уақыт қалғанда, 5 жыл бұрын хабарласыпты. Ал, Халықаралық бағдарламалар орталығы баланың ата-анасынан оқуға кеткен 19 миллион теңгені қайтаруын талап етіп отыр.