Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Чемпиондар лигасының 6-тур ойындарының үздік футболшысы кім?

AstanaTV
14.12.2023ж. 12:17
659
Чемпиондар лигасының 6-тур ойындарының үздік футболшысы кім?

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы турдың үздік футболшысы атағына үміткер ойыншылардың тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ

Чемпиондар лигасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін, 14 желтоқсан УЕФА Чемпиондар лигасының 6-тур ойындары өтті. Топтық кезеңнен плей-оффқа жолдама алған клубтардың тізімі белгілі болды. Ал топтық кезеңнің 6-тур ойындарында керемет ойын өрнегін көрсеткен 4 футболшы үздік ойыншы атағына таласады.

Үміткерлер тізімі: Хоселу (Реал Мадрид) – 2 гол; Самуэль Лино (Атлетико Мадрид) – 1 гол, 1 ассист; Вендерсон Галено (Порту) – 2 гол, 2 ассист; Анхель Ди Мария (Бенфика) – 1 гол, 1 ассит. Айта кетейік, Ди Мария өнер көрсеткен "Манчестер Юнайтед" футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде екі рет төртінші орын алған алғашқы англиялық клуб атанды. Бұған дейін 2005/2006 жылғы маусымда тобында соңғы сатыға тұрақтаған еді.