$453.87 €508.33 ₽5.65

Қостанай облысында полицейлер жолда қалған отбасыға көмек көрсетті

Қостанай облысында полицейлер жолда қалған отбасыға көмек көрсетті
Polisia.kz

Қостанай облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол шетінде дөңгелегі жарылып тұрған көлікті байқап, жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.

Тәртіп сақшылары көлікті байқап, жүргізушінің көмекке мұқтаж екенін анықтау үшін тоқтаған. Автокөліктің дөңгелегі жарылғанын білген полицейлер бірден көмек ұсынып, оны ауыстыруға кіріскен. Көлікте жүргізушімен бірге оның қарт атасы мен анасы болған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен дөңгелек қысқа уақыт ішінде ауыстырылып, отбасы сапарын қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік алды. Кейін жүргізуші қиын сәтте қол ұшын созып, дер кезінде көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Полиция жүргізушілерге жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызын еске салады.