Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбеде мектепте 13 жастағы оқушы партаға соғылып, қайтыс болған

AstanaTV
14.12.2023ж. 16:04
965
Ақтөбеде мектепте 13 жастағы оқушы партаға соғылып, қайтыс болған

Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды.

Қайғылы оқиға №27 мектепте болған. Жетінші сынып оқушысы партаның бұрышына соғылып, құлап алған.

"Сұмдық жағдай. Қызым бұл үшінші қабатта болғанын айтты. Ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырыққа шалынып, үстелдің не партаның бұрышына тамағымен соғылған", - деді мектеп оқушыларының бірінің анасы.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпаратты растады.

"13 жастағы бала мектепте құлап, үстелдің бұрышына соғылған. Тексеру кезінде иек тұсында жарақат болды. Дереу реанимация жасалды. Сағат 11:25-те қайтыс болды", - деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.