Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Астанада отандық "Аяз аға" атты жаңа фильмнің жабық көрсетілімі өтті

14.12.2023ж. 20:00
796
Астанада отандық "Аяз аға" атты жаңа фильмнің жабық көрсетілімі өтті

Астанада отандық "Аяз аға" атты жаңа фильмнің жабық көрсетілімі өтті. Жаңа жылдық комедия шытырман оқиғаға толы. Көрерменге жол тартқан жаңа туындыны "Tiger Films" компаниясы түсірген. Тұсаукесерге түсірілім тобының актерлары, кино және эстрада қайраткерлері қатысты.

"Аяз аға". Жаңа жыл қарсаңында көрерменге жол тартқан жаңа туынды. Залға жиналған жұрт оны көруге асықты. Алдымен балалар Аяз атаға тақпақ айтып сыйлықтар алды. Сосын ертегі кейпінде түсірілген кино басталды. Онда сыныптастар әр түрлі себептермен тау бөктеріндегі бір үйде жиналады. Ертегіге деген сенімі жоғалған кейіпкерлер оны әзіл деп қабылдайды. Оқиға барысында олар шынымен ертегілер әлеміне енгендерін түсінеді.

Бахтияр ҚОЖА, АКТЕР:

Бір кластың адамдары ештеңеге сенбейді. Аяз ата талай ғажайыптар жасап жатыр. Талай өнер сиқыр жасап жатыр. Соның өзіңде сенбейді ғой. Аяқ жағында өздерінең сұрағанда егер мына аяз ата оянбаса тіпті жаңа жылда болмайды. Өмірлерің де тоқтайды осы жерде. Кім маған жанын береді дейді ғой жалмауыз кемпір сонда адам ойлана бастайды екен. Шіркін-ай содан бастап өзгере бастайды.

Фильмнің басты рөлдерін елімізге танымал Бахтияр Қожа, Рамазан Амантай, Асель Сағатова, Медет Аманбаев сынды актерлар сомдайды. Түсірілімге бір жылға жуық уақыт кеткен. Фильм режиссері -Дархан Саркенов. Күлкі-қалжыңға толы киноға 100 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Ерлан БҰХАРБАЕВ, «TIGER FILMS» ПРОДЮСЕРЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:

"Аяз аға" фильмі махаббатқа, бақытқа, отбасылық құндылыққа толы. Жаңа жыл мерекесі үшін арнайы түсірдік. 14 желтоқсаннан бастап бүкіл кинотеатрларда көрсетіледі. Келіңіздер, көріңіздер.

"Аяз аға" Tiger Films компаниясының 22-ші фильмі. Бұған дейін түрлі көрермен ықыласына бөленген "Жыным сол", "Бишарашки", "Байдың қызын аламын" атты фильмдері жарыққа шыққан болатын. Компания 2024 жылы 10-ға жуық жаңа туынды әзірлеуді жоспарлап отыр.