Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Жастар - Отанға!» байқауының жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
12.12.2016ж. 20:00
3451
«Жастар - Отанға!» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Жастар - Отанға» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара «Нұр Отан» партиясымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған. Партияның филиалдары арасында өткен байқау жеңімпаздарын партия хатшысы Фархад Қуанғанов құттықтады.

Нұрдаулет Кенжебай, «Жыл белсендісі» номинациясының жеңімпазы, Астана қаласы:

Бүгін бәрімізді қуанышқа бөлеп, марапаттап отырған "Нұр Отан" партиясына алғыс білдіргім келеді. "Жас Отан" жастар қанатының ұраны "Арман, еңбек, сенім" болса, мен де жастарға айтқым келеді: арманың орындалып, еңбегің ақталып, сеніміне сабыр мен ақыл қосқан жастарды құттықтаймын. 

Байқаудың міндеті «Жас Отан» жастар қанаты өңірлік филиалдарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оның қызметіне қоғам назарын аудару болып табылады. Шара барысында бес номинация бойынша ең үздік аймақтық өкілдер анықталды. Аталмыш байқау филиалдардың атқарып жатқан жұмыстарының көрсеткіші болмақ. Шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20-дан аса жас белсенді марапатталды. Үздіктер «Жас Отан» жастар қанаты қызметінің дамуына үлес қосқаны үшін, оқу орнындағы «Жас Отанның» үздік бөлімшесі, жастар қанатының ең үздік имидждік жобасы, ең үздік «Кеңес орталығы» консалтинг-орталығы және жыл белсендісі номинациялары бойынша анықталды.

Мөлдір Сапар, «Жыл белсендісі» номинациясының жеңімпазы, Орал қаласы:

Байқауда республикамыздың барлық аймағынан қатысқандар болды. Әр саланың үздіктері анықталды жастардың арасында. 25 жылдықтың қарсаңында осындай мараптқа ие болу - мен үшін үлкен бақыт. "Нұр Отан" партиясына, президентімізге жастарды қолдағаны үшін, демеу білдіргені үшін алғысымды білдіремін. Біз үшін бұл маңызды. "Жас отанның" мақсаты - жастардың арасында патриоттық сезімді ояту, отанға еңбек ету. Бұл менің соңғы жеңісім емес деп ойлаймын.