Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Астанада Дипломатиялық бизнес клуб мүшелерінің отырысы өтті

14.12.2023ж. 20:00
576
Астанада Дипломатиялық бизнес клуб мүшелерінің отырысы өтті

Бүгін Астанада Дипломатиялық бизнес клуб мүшелерінің отырысы өтті. Шетелдік дипломаттар мен бизнес қауымдастық өкілдері Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысымен танысты. Клуб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елді жаңғырту бағытында кешенді реформа жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ал Дипломатиялық бизнес клубтың тең төрағасы Исламбек Салжанов 8 жыл ішінде клубтың шетелдік дипломатиялық корпус пен Қазақстанның түрлі салалардағы іскерлік қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимылды дамыту және нығайту үшін толыққанды бейресми алаңға айналғанын айтты.

Исламбек САЛЖАНОВ, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БИЗНЕС КЛУБТЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мемлекет басшысына алғысымыз шексіз. Елде әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бойынша жүргізген реформаларының арқасында Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін тең мүмкіндіктер пайда болды. Қазақстан экономикасын нақты монополиясыздандыру жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, заң үстемдігі мен әділ сот төрелігін орнату Қазақстанға шетелдік инвесторларды тарту үшін қолайлы жаңа мүмкіндіктер туғызады