$447.14 €499.54 ₽5.46

Астанада қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Астанада қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Фото: pixabay

Жүргізуші бұл әрекетті әлеуметтік желідегі қаралым үшін жасаған

Елордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, Toyota автокөлігімен жол бойында қауіпті маневрлер жасап, өзге жол қозғалысына қатысушыларға қатер төндірген 25 жастағы Алмат Досмамбетов анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Astana TV.

Тексеру барысында жүргізушінің әлеуметтік желілерге контент түсіріп, қаралым санын арттыру мақсатында қауіпті маневрлер жасағаны белгілі болды.

Жүргізушіге маневр жасау қағидаларын бұзу, жолдарды бүлдіру, көлікті пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ ұсақ бұзақылық деректері бойынша заң аясында шара қолданылды.

Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.