Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Атырауда 80 жастағы қария вахталық әдіспен жұмыс істеп жүр

15.12.2023ж. 20:00
421
Атырауда 80 жастағы қария вахталық әдіспен жұмыс істеп жүр

Атырауда 80 жастағы қария вахталық әдіспен жұмыс істеп жүр. Ол бұл қызметке зейнетке шыққан соң кіріскен. Ұзақ жылдар дәрігер боп еңбек еткен Атанбек Ідірісов қазір өндірісте мұнайшыларға медициналық қызмет көрсетеді. 28 күн бойы жұмысшылармен бірге жатақханада жатады. Қария шын мәніндегі зейнеттік демалысқа шығуды әзір жоспарлап отырған жоқ. Тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы жастардан қалмай тер төгіп жүрген ақсақалмен тілдесті.

80 жастағы Атанбек Ідірісов зейнетке шыққанға дейін түрлі емхана мен ауруханада жалпы тәжірибелік дәрігер боп жұмыс істеген. 16 жылдан бері вахталық әдіспен еңбек етіп жүр. Құрметті демалысқа шыққан бойда өндіріске шақырту алған. Содан бері өмірімнің жартысы үйден жырақ, өндіріс алаңында өтіп жатыр, - дейді қария.

Атанбек ІДІРІСОВ, ДӘРІГЕР:

Негізгі жұмыстарымыз қан қысымын өлшейміз, температурсын өлшейміз, алкотест жасаймыз, жалобтарын тексереміз. Мен шаршағанымды сезінбеймін. Керісінше анда тренажер бар, теннис ойнаймыз, футбол ойнаймыз, кейде волейбол ойнаймыз. Үйде отыру, 4 қабырғаға қарап телевизор қарап отырған ыңғайсыз маған. Мен жұмыс жасап қалған адаммын. Көбіне далада, учаскеде жүрген. Возрастық өзгеріс бар шығар, өзіме білініп жатқан жоқ, өзім саулығым жақсы деп есептеймін.

Демалысында немерелерді сабаққа апарып, ауладағы жеміс ағаштарын күтеді.Отағасының жұмыстан келгенін жұбайы асыға күтеді. Вахтаға кеткен кезде қонаққа жалғыз баруға тура келеді дейді ол. Өзі де, балалар да талай рет жұмысты тастауға кеңес беріпті.

Жұмасұлу ІДІРІСОВА, ЖҰБАЙЫ:

Вахтаның кезінде бара алмай қалады қонаққа шақырғанда. Сосын айтады: «Ойбай» біздің ағамызды жұмысқа жіберіп, өзің жүрсің,- деп айтады. Не айтам.. Ағаңыздың өзіне айтыңыз, маған оның үйде отырғаны жақсы былай қарағанда деп. Ол айтады: «үйде отыра алмаймын, ауырам, жұмыс жасаймын» деп. Участокте жасағанда да совхоздарда алыс участоктер болды 200-300 шақырым, сондайларға кеткенде талай боранда далада қалып жүрді.

Ғұмырының 50 жылдан астам уақытын медицина саласына арнаған қарияның бойы тік, қимылы ширақ. Ақсақал биылғы 80 жылдық мерейтойын қызмет орнында, вахталық қалашықта қарсы алмақ. Отбасы үлкен мерекені жұмыстан келген соң тойлаймыз деп отыр.