Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Кітап-Amanat» жобасы аясында ақын, жазушылар кездесу өткізілді

«Кітап-Amanat» жобасы аясында ақын, жазушылар кездесу өткізілді

Атыраудағы «Кітап-Аманат» кітап орталығында жазушы, драматург Рахымжан Отарбаевтың жары Сәуле Отарбаевамен кездесу өтті. Ашық диалог алаңында қаламгердің өмірі, шығармашылығы, руханият, қоғамдағы өзгерістер туралы көзқарасы, оқшау ойлары туралы сөз болды. Кездесуге жастар қауымы қызыға жиналған. Оларды өткір тілмен кесіп айтатын жазушының дара мінезі, кейінгі буын – жастарға деген берген бағасы қызықтырды. Қаламгердің жары болса, көпшілік біле бермейтін қырларын, артында қалған мол мұрасы, «Руханият» қорының қызметі туралы әңгімеледі.

Сәуле ОТАРБАЕВА, РАХЫМЖАН ОТАБАЕВТЫҢ «РУХАНИЯТ» ЖЕКЕ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Соңғы кезде Аманат партиясында жақсы үрдіс қалыптасыпты. «AMANAT» өзіне мүше емес адамарды да шақырып, ой бөлісіп, пікірталас ұйымастырып жатыр екен. Бүгінгі әңгіме қазақтың классик жазушысы Атыраудың төл перзенті Рақымжан Отарбаев жөнінде болды. Әдебиет жөнінде. Өзім педагогикада жүргеннен кейін педагогика туралы да сұрақтар болы.

Нұрсұлтан НҰРСЕЙІТ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Р. Отабаевтың жан-жары Сәуле Отарбаева келіп, кезіндегі естеліктерімен, біздің жастарға деген өсиетін айтып жатыр. Рақымжан ағамыздың маңызды сәттерінде қызықты оқиғаларымен бөлісіп, осындай өзінің әңігемелерін айтып жатыр. Бұл қазіргі жастарға тәрбиелік мәні зор диалог алаңы деп ойлаймын.

Павлодарда «Кітап-AMANAT» жобасы аясында ақын, жазушылармен кездесу өтті. Игі іске «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мұрындық болған. Кездесу барысында ақындар өлең оқып, әдебиет төңірегінде әңгіме өрбітті. Шараға жақында ғана «Ұлы дала» байқауының балалар әдебиеті аталымы бойынша жеңімпаз атанған Нұрбек Кеңесбай да шақырылды. Ол байқаудан алған әсерімен бөлісті. Жүлделі болған «Әнипа апаның қара қазаны» шығармасының мазмұнынына тоқталды. Айта кетейік, Павлодар облысы екі жыл қатарынан «Ұлы дала» байқауының балалар әдебиеті аталымы жүлдені бермей келеді. Өткен жылы осы аталымды ақын Алпысбай Хонж иеленген болатын.

Нұрбек КЕҢЕСБАЙ, ЖАЗУШЫ:

Туыстарына жіберіп жіберген баласын кетер жолға салып жіберерде айтады. Анау шытқа қазанның күйесін түйіп қолына ұстатып жібереді. Менің қазанымның дәмі тартсын. Сен қайта келіп, сол қазаннан дәм тататын болса деген сияқты. Сондай бір оймен баласын шығырып салады. Ол шынымен бағып алған баласы ғой. Ол шынымен кейін есейіп келеді.

Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл жалпы әрі түрлі жанларда жұмыстар жолданған болатын. Поэзия, проза, балалар шығармашылығы әртүрлі тақырыпта болды. Біз өте қуанышытымыз. Ертіс-Баян өңірі жеңімпаз атанғаны. Сондықтан барша қатысушыларды да құттықтаймыз.